Ордабасылық дәрігерлер дұрыс тамақтану тәртібі туралы айтты

None
None
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасында Ашық есік күні өтті. Шараға артериялық гипертония дертіне шалдыққандар науқастар шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні науқастардың қандары тексеріліп, ондағы қант пен холестерин деңгейін анықтау жүргізілді. Дәрігерге дейінгі кабинеттердің жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, пациенттерде қатерлі ісіктердің бар-жоғы анықталып, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар өз кеңестерін берді. Емделушілермен дұрыс тамақтану тақырыбында әңгімелер жүргізіліп, слайдтар көрсетілді.

Танымдық кітапшалар таратылды. Бұдан бөлек, науқастар кардиолог, оториноларинголог, офтальмолог, хирург, онколог, эндокринолог, акушер - гинеколог сияқты дәрігерлерге қаралып, түрлі кеңестерін алды.

Соңғы жаңалықтар