+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ордабасыдағы көлік апатынан 3 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды

2020 жылғы 23 қыркүйек 18:39
Бөлісіңіз:
Ордабасыдағы көлік апатынан 3 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Ордабасы ауданында жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты. Тағы бес адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы бүгін сағат 16:38 шамасында Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент автожолында орын алған. «ВАЗ» және «Мазда» автокөліктерінің соқтығысып, салдарынан «ВАЗ» жолаушысы мен «Мазда» көлігінде болған екі әйел қайтыс болған. Жедел-жәрдем қызметімен тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы анықталуда. Аталған жайт СДТБТ-де ҚР ҚК 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркелді. «ВАЗ» автокөлігі Ресей Федерациясында тіркелгені анықталды. Оқиға орнында Ордабасы АПБ және Түркістан облысының ПД анықтаушылары жұмыс істеуде» делінген хабарламада.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT