Ордабасыда жолдарды жөндеу қарқынды жүргізілуде

None
None
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының 55 жылдығына орай орталық көшелері жөнделіп, абаттандыру ісі қарқын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде ауданының орталығы Темірлан елдімекеніндегі орталық Аппазов көшесінде жөндеу жұмыстары басталған. Ұзындығы 4 шақырым жол жиегі ретке келтіріліп, суағарлар мен жарықшамдар орнатылмақ. Бюджеттен бөлінген 550 млн теңгеге орталық көше жөнделіп, аудандық аурухана алдына аллея салынбақ. Ол орын жастар мен науқастардың бірден-бір демалу орнына айналады деп жоспарланған. Қазір құрылыстың 50 пайызы біткен. Жол салып жатқан 70-ке тарта жұмысшы сапаға мән беріп отырғанын айтады. Темірланға Шымкенттен кіре беріс қақпадан бастау алған құрылыс алағы Түркістанға шығар жолға дейін жалғасып жатыр.

«Біз бұдан бөлек, басқа да жұмыстарды қолға алдық. Бұл жерден ирригациялық жүйесі енеді. Соған қосымша арық-атыздары тазарады деп отырмыз. Темірландағы қарқынды жұмыстар мұнымен шектелмек емес. Аббазов көшесімен қатар Әуәбәкіров көшесінде жұмыс қызған. Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері әрленуде»,- аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Ысқақов.

Соңғы жаңалықтар