«Ордабасы» командасының футболшылары өз таңдауын жасады

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Самат Шәмші бастаған «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары Қажымұқан атындағы стадионда дауыс берді. Сондай-ақ, спортшылар шеберлік сағатын өткізіп, соңынан жанкүйерлерге өздерінің қолтаңбасы қойылған допты сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболшылар Самат Шәмші, Тимурбек Закиров, Қажымұқан Төлепберген, Сағадат Тұрсынбай және Бекхан Шайзада №90 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Ордабасы» футболшыларының соңғы ойынында шымкенттік жанкүйерлеріміздің қолдауы мен ықыласы бізге рух берді. Клубымыз 70 жылдан астам уақыттан бері Шымкент қаласының намысын қорғап, жанкүйерлермен бірге келе жатыр. Жанкүйерлеріміз өте көп. Барлығын сайлауға қатысуға шақырамыз. Жалпы, футбол – бұқаралық спорт. Сайлау да - бұқара болып шешім шығаратын аса маңызды саяси мереке», – деді команда капитаны Самат Шәмші.

Атап өтсек, «Ордабасы» командасы Қазақстан кубогының 2022 жылғы жеңімпазы атанды.

Аяқдопшыларды шымкенттіктер ерекше ықылас танытып, қарсы алған болатын.


Соңғы жаңалықтар