«Ордабасы» командасы биыл үздік үштікке енуді көздейді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының «Ордабасы» командасы биылғы үздік үштікке енуді көздейді. Бұл туралы бүгін команда жаттықтырушылары мен ойыншыларының облыс әкімімен кездесуі барысында сөз болды. Басқосуда аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев команданың жаңа маусымдағы дайындығымен танысты. Клуб құрамына алынған аяқдоп шеберлерінің мүмкіндігі сараланып, команданың алдағы мақсат-міндеттері айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыс басшысы «Ордабасы» футбол клубының президенті Бақтияр Байсейтовпен алдағы мақсат-міндеттер жөнінде пікір алмасты.   Команда жаңа маусымдағы алғашқы айналымда, мықты алты команданың қатарына енуді жоспарлап отыр.  Сөйтіп, ел біріншілігіндегі   жүлделі орынға тұрақтау. Бұдан бөлек, Еуропа лигасы ойындарында топтық кезеңге шығу міндеті қойылды.  Өз кезегінде облыс әкімі «Ордабасы» командасына еурокубоктық ойындарда жоғарғы деңгейде өнер көрсетуіне  тілектестік білдірді.

«Әлемде футболдың жанкүйерлері миллиондап саналады. Өмір көрсеткендей ешқандай клуб егер жақсы ойыншылары болмаса жақсы нәтижеге жете алмайды. Алаңдаған әрбір ойыншы көптеген қасиеттерге ие болуы керек. Ең бастысы - әр футболшы жергілікті жанкүйерлердің үмітін ақтап, өңіріміздің атын Еуропаға тіпті әлемге танытуға тырысу қажет. Сонда ғана үміт ақталады, спортшылар мақталады», - деді Ж.Түймебаев.

Жиын барысында футболшылар атынан команда капитаны Азат Нұрғалиев сөз алып,  «Ордабасы» командасы жаңа маусымға арналған жаттығуларын ойдағыдай өткізгенін жеткізді.

null 

«Биыл клуб құрамына мықты футболшылар алынды. Олай болса облыс басшылығы мен жанкүйерлер қойған талапты орындау үшін бар күш-жігерімізді ортаға саламыз», -деді команда капитаны.

Бұдан бөлек, кездесу барысында жергілікті футболды дамыту төңірегіндегі бірқатар мәселелер айтылды. Жансейіт Қансейітұлы алдағы уақытта «Қажымұқан» атындағы орталық стадион заманауи жарықтандыру жүйесімен  жабдықталатынын атап өтті.  Бұл УЕФА-ның талабы.  

Айта кетейік,«Ордабасы» футбол клубы чемпионаттың тұсаукесер ойынын 8-наурыз күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда «Астана» футболшыларына қарсы ойынмен бастайды. Сәрсенбі күнгі бұл кездесу сағат 15:00-ге белгіленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар