«Ордабасы» Қазақстанның футбол федерациясынан кешірім сұрады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Ордабасы» ФК өзінің жанкүйері үшін Қазақстан футбол федерациясының алдында ресми түрде кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ордабасы» ФК-ның сайтына сілтеме жасап.

Футбол клубының сайтында клуб президенті Б.Байсейітовтің Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті - бас хатшысы Азамат Айтхожинге үндеуі жарияланды.

«Құрметті Азамат Серікұлы, «Орбадасы» кәсіби футбол клубы» Акционерлік қоғамы сізден «Қайрат» ФК-мен өткен матч қорытындысы бойынша ҚФФ (ТБК) Тәртіптік-бақылау комитеті салған айыппұлдың себебін дұрыс түсінбей, эмоцияға берілген клуб жанкүйері Мұқаш Ержанның 2018 жылы 1 маусымда әлеуметтік желілерде жариялаған бейнеүндеуінің мәтіні үшін кешірім сұрайды. Клуб комитет ұйғарымымен толық келіседі және жанкүйерлерінің тәртібі үшін салынған сәйкес айыппұлдарды уақтылы төлеуге әзір. Клуб жоғарыда аталған Мұқаш Ержан есімді жанкүйер улубтың қызметкері емес екендігін және үндеудің мәтінін өз атынан жолдағанын жеткізеді. Аталмыш жанкүйерің пікірі мен ойының клубтың позициясына еш қатысы жоқ. Сонымен қатар, клуб жанкүйерлердің мұндай әрекеттері мен жөнсіз сынды еш қолдамайды. Алдағы уақытта Клуб жанкүйерлерінің тәртібін бақылап, осы іспеттес жағдайлардың алдын алуға тырысатын болады», - делінген клуб президенті Б.Байсейітовтің үндеуінде. 

Соңғы жаңалықтар