«Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бауыржан Әбдубаитов «Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін «Ордабасы» ФК директорлар кеңесінің шешімі бойынша Әбдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы Клуб Президенті лауазымын иеленді. Бауыржан Әбдубаитов 1959 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Қазақстан Футбол Федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі,

Қазақстан Футбол Федерациясының әйелдер футболы комитетінің төрағасы. 2002 жылдан бері «БИІК» компаниясының («БИІК» футбол орталығы және «БИІК-Шымкент» ӘФК) президенті болып саналады», - деп жазылған спорттық клубтың Instagram парақшасында.

Клубтың хабарлауынша, Б. Әбдібаитов «БИІК-Шымкент» әйелдер командасының президенті болғанда еуропалық даңқты жарыс – УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына үш мәрте шыққан.

Айта кетейік, «Ордабасы» - Шымкент қаласында 1998 жылы құрылған қазақстандық кәсіби футбол клубы. Клуб Қазақстан Премьер Лигасында ойнайды және Қазақстан Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы. Клубтың негізгі формасы – ақ және сыртқы формасы көк түстерде.


Соңғы жаңалықтар