«Ордабасы» футбол клубы жарты миллиард теңгеге сатылып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ордабасы» футбол клубы 500 млн теңгеге сатылды. Электронды үлгіде жүргізілген сауда-саттыққа қатысуға 3 үміткер ықылас білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат TVK-UKO телеарнасына сілтеме жасап. 

Халық арасында екі жыл бойы жүрген қауесет ақыры шындыққа айналды - Қазақстанның премьер-лигасында ойнайтын жалғыз футбол клубы оңтүстікқазақстандық «Ордабасы» жекешелендірілді.

«Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамының сатылуы жөніндегі ақпарат бұған дейін gosreestr.kz мемлекеттік мүлік реестрі сайтында пайда болды. Бастапқы баға 248 млн теңге көлемінде белгіленген. «Ордабасылықтарды» иелену құқығы үшін үш кандидат, атап айтқанда, «БИИК» Спорт сервис», «Намыс» спорт орталығы және жеке тұлға таласты. Олардың қайсысы рекордты 502 млн теңгені төлегендігін облыстық Қаржы басқармасынан нақтыламады.  

«Бүгін тендер өтті. - Сатып алушы кім болды? - Бұл ақпаратты басшылықпен келісу керек. - Яғни бұл ақпарат жария етілмейді ғой? - Иә, әзірге келісімшарт жасасқанымыз жоқ. Ол әлі де бас тартуы мүмкін»,- деп мәлім етті ОҚО Қаржы басқармасының маманы. 

«Ордабасы» футбол клубы 1998 жылы «Томирис» атауымен құрылған болатын. 2003 жылы қазіргі атауына ие болды. Қазақстанның жалпы турнирлік кестесінде үшінші орында орналасуда.

 

Соңғы жаңалықтар