Ордабасы ауданында жолдардың сапасына мониторингтік бақылау жүргізілді

None
None
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар ауданында мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынған жергілікті жолдарға мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.

«Сапалы жол - Түркістан Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында жүргізілген шарада «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан жолдардың сапасы бақыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан орталығы Темірлан ауылында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарына «Түркістан - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Тұңғышбаев пен аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев, «Ұлттық жол активтері сапасы» орталығы Түркістан облысы бойынша филиалы мамандары мен Ордабасы аудандық арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.

Сондай-ақ, осы салаға жауапты мамандар мен «Nur Otan» партиясы филиалының өкілдері, мердігер компания басшылары мен БАҚ өкілдері шақырылды. Жылжымалы жол зертханасы арқылы жаңадан салынған 4 көшеден сынама алынып, оның нәтижесімен мердігер компания басшылығына жолдарды талапқа сай қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, жобалық кеңсенің бағыты автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған. Алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалалардың жолдары бақылауға алынып, мониторингтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар