+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Ордабасы  ауданында жол апатынан көз жұмғандар саны алты адамға жетті

2020 жылғы 25 қыркүйек 09:27
Бөлісіңіз:
Ордабасы  ауданында жол апатынан көз жұмғандар саны алты адамға жетті

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Ордабасы ауданында жол апатынан опат болғандар саны алты адамға жетті. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем қызметінің басшылығы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жол апатына ұшыраған көлік өртеніп, екі адам қаза тапты Павлодарда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті БҚО-да көлік апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Дәулет Мұсаевтың айтуынша, бес адам оқиға орнында көз жұмған. Ал, алтыншы адам жедел жәрдем қызметімен Ордабасы аудандық ауруханасына барар жолда жан тапсырған. Қайтыс болғандардың арасында бір отбасының мүшелері бар. Куәгерлердің сөзінше, көліктің бірі бұрылмақ болып тұрғанда, екіншісі келіп соққан. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктің бірі жарамай қалған. Әзірге белгілісі, «ВАЗ» автокөлігі Ресей Федерациясында тіркелген.

«Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына байланысты Түркістан облыстық ПД анықтаушыларымен ҚР ҚК 345-бабы 4-ші бөлігіне сәйкес (Жол ережелерін өрескел бұзу салдарынан адам өліміне алып келген) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізілген екі ер адам жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер ес-түзсіз күйде түскен 34 жастағы жігіттің жағдайын өте ауыр дейді. Оған ота жасалған. Екінші науқас та түрлі дене жарақаттарын алып, гипске таңылған.

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 23 қыркүйек күні Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент автожолында орын алған болатын. Онда «ВАЗ» және «Мазда» автокөліктері соқтығысқан еді. Облыстық ПД алғашында оқиға орнында үш адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT