+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Ордабасы ауданында күш атасы Қажымұқанға арналып үлкен кешен тұрғызылмақ

2021 жылғы 13 қаңтар 11:58
Бөлісіңіз:
Ордабасы ауданында күш атасы Қажымұқанға арналып үлкен кешен тұрғызылмақ

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай биыл Ордабасы ауданында үлкен кешен салынатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Денис Евсеев Түркиядағы турнирдің финалына шықты Қазақстандық тағы үш боксшы Сербиядағы турнирде финалға шықты Хоккей: «Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді

Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізі бойынан бой көтеретін кешенге Темірлан ауылындағы музей көшіріліп, 5 гектарды құрайтын аумақ туристік орынға айналады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласын дамыту мен спорт және туризм салаларында атқарылған жұмыстар және 2021 жылға жоспары мен өзекті мәселелері ортаға салынды.

Қазақ даласы батырының атына салынатын мемориалдық кешен заманауи үлгіде салынатын нысанда кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц залы, спорт залы, спортшылардың киім ауыстыруға, жуынуға арналған және басқа да қажетті бөлмелермен қамтылмақ. Ғимарат аумағы жасыл-желекке оранып, демалыс орнына айналады. Спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға лайықты кешен түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге де ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, алдағы көктемде дәстүрлі қазақ күресінен халықаралық жарыстар ұйымдастырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT