Ордабасы ауданында екі стадион жөндеуден өтеді - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-ның Ордабасы ауданында екі стадион жөндеуден өтеді.

Жөндеу бойынша жоспарлары туралы Ордабасы ауданының әкімі Самат Сапарбаев брифинг кезінде бөлісті. «Төрткөл ауылында стадион бұрынғы қалпына келтіріледі. Жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау үшін аудандық бюджеттен 1 млн. 500 мың теңге қаражат бөлінді. Ал «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен Темірлан ауылындағы орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізуге 77 млн. 207 мың теңге бөлінген», - деп баяндады Ордабасы ауданының әкімі.

Ол сондай-ақ ауданда спорттық мекемелерді құрылғылармен жабдықтау үшін көп іс атқарылып отырғанын атап өтті. Осылайша аудандық бюджеттен татами кілемін сатып алуға және балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің ғимараты мен Қажымұқан атындағы спорттық мектепті сатып алуға шамамен 19 млн. теңге бөлінді. Айта кетейік, қазіргі кезде бұл мектептерде 1523 бала жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар