+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ордабасы ауданында 85 канал тазартылып жатыр

2020 жылғы 4 шілде 09:58
Бөлісіңіз:
Ордабасы ауданында 85 канал тазартылып жатыр

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал демеушілер есебінен механикалық тазартылудан өтуде. Бұл шаралар аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мен шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту мақсатында атқарылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кәсіпкерлерге 4-6 пайызбен несие берілуде- Ауыл шаруашылығын қолдау қоры ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестиция үшін маңызды салаларды анықтады Қазақстанда күріш өндірісі екі есе өсті - АШМ

Дәл қазіргі таңда ауданда 380 шақырымды құрайтын 43 каналда механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 97 шақырым канал іші тазартылған. Қалған 117,6 шақырымы 15 шілдеге дейін толық тазаланып бітеді деп күтілуде. Нәтижесінде 15 699 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, шілде айында 2 228 гектар жерге тіршілік нәрі жеткізіледі,

Айта кетейік, Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал бар. Оның
15-і республикалық, 45-і облыстық, 17-сі ауыл округтерінің есебінде, 9-ы жеке меншікте. Бұл каналдар арқылы 33131 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер игеріледі. Бүгінде демеушілер есебінен механикалық тазалаудан өтіп жатқан каналдарда 7 техника жұмыс істеуде.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT