Ордабасы ауданына газ тартылды - Түркістан облысы

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының 55 жылдығы аясында аудан орталығы Темірланда газ жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы темірландықтарды қуанышымен құттықтап, алдағы уақытта аудан толығымен газбен қамтамасыз етілетінін айтты.
Аудандық, Қажымұқан ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары Т.Әбдіқайымұлы мен І.Жүсіп газ жүйесін кіргізуге атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын жеткізді. Бұдан соң аудан басшысы Жақсылық Ергешовтің отбасында болып, газды жағып көрді.
Бүгінге дейін көгілдір отынды аудан халқының 8,2 пайызы ғана тұтынып келген. 5 елді мекеннің тұрғындары, атап айтсақ: Қайнар, Ынтымақ, Ұялыжар, Теспе, Ықыластемір елді мекендері және Бадам ауылының бір бөлігі кәсіпкерлер есебінен табиғи газбен қамтылған болатын. Енді темірландықтардың көкейіндегі ең күрмеулі мәселе шешімін тауып, газ құбыры пайдалануға берілді.
Темірлан ауылында 4722 абонент табиғи газ құбырына қосылуға мүмкіндік алды. Бұл аудан тұрғындарының 18,5 пайызы. Қажымұқан ауылы табиғи газ жүйесінің құрлыс-монтаж жұмыстарына 2019 жылға облыстық бюджеттен 100 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда 10,5 шақырым газ құбыры орнатылған.
2023 жылға дейін Ордабасы ауданын 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етуге тиісті жұмыстар атқарылуда.
- Түркістан облысында қарлы бораннан 400-ге жуық адам құтқарылды
- ҚДБ биыл «жасыл» энергетика саласындағы жаңа жобаларды қаржыландырады
- Алматыда электр энергиясымен жабдықтау тарифі төмендеді
- Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылады
-
Нұр-Сұлтанды газбен қамту жұмыстары қалай жүріп жатыр
-
Түркістан облысында қар құрсауында қалған көліктердегі жолаушылар құтқарылуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам