Ордабасы ауданының әкімі параны қалай алды
2018 жылғы 8 тамыз 16:24

Ордабасы ауданының әкімі параны қалай алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Рашид Қайыпжановтың ісін сотқа жолдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі үстінен жеке меншік компанияның басшысы шағым түсірген. Ол сәуір айында 2,2 млн теңгенің тендерін ұтып алды. Сөйтіп, аудандағы көркейту жұмыстарын атқаруға кіріскен. Сол кезде әкім оған тағы 2,1 млн теңгенің абаттандыру жұмыстарын ұсынды. Кәсіпкер келісті.

«Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Ордабасы ауданының әкімі бюджет қаражатын ұйымның есепшотына аудармай қойды. Ол үшін 200 мың теңгені талап етті. Бүгінде әкім өз кінәсін толығымен мойындады. Осыған байланысты барлық материалдар жеңілдетілген тергеу әдісі бойынша қаралды. Күдіктінің қоғамға қаупі жоқ екені ескерілді. Сол себепті оны қамауға алған жоқ. Іс он күннің ішінде аяқталып, сотқа жолданды», - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT