Оразалин тікұшақпен аудан аралағаны жайында: Жерден жеті қоян тапқандай талқылайтын нәрсе емес

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аудандарға тікұшақпен бару себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері әкімнен Мұғалжар және Байғанин аудандарына тікұшақпен баруы әлеуметтік желіде қызу талқыланғанын және осыған қатысты пікірін сұрады.
«Менің ойымша, бұл - күнделікті тәжірибе. Одан тартынудың қажеті жоқ. Біз барғанда Қаратөбеде экологиялық апат орын алып, мұнай төгіліп жатты. Ал мұндай төтенше жағдайда тікұшақпен ұшуға міндетті түрде бюджеттен қаражат бөлінеді. Ол жерге мамандармен бірге бардық. Сол өңірдегі шалғай ауылдарға да баруды жоспарладық. Бұл - жерден жеті қоян тапқандай әлеуметтік желіде талқылайтын мәселе емес», - деді облыс басшысы.
О.Оразалин елді мекендердегі проблемаларды өз көзімен көріп, құлағымен есту үшін демалыс күндері көлікпен ауылдарға барып тұратынын айтты.
«Ал енді бір төтенше жағдай орын алса, онда дереу шара қолдану үшін тікұшақпен ұшып баруға да дайынмын», - деді ол.
- СҚО-да елге еңбегі сіңген бір топ азамат марапатталды
- Полиция департаментіне жаңа ғимараттың орнын белгілеудеміз – Көлгінов
- Асқар Мырзахметов тараздық тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрді
- Шымкентте қала тазалығына үлес қосқан тұрғындар марапатталды
-
ЖЭО-2 немесе автокөлік: қаланы қайсысы көбірек ластайды
-
Qazaq Kuresi: Ақтөбеде өтетін әлем чемпионатына 40 елден балуандар қатысады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам