Оразақ ауылында салынып жатқан тұрғын үйлер 1-ші қарашаға дейін дайын болады - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Оразақ ауылындағы екі пәтерлі 67 үй 1-ші қарашаға дейін дайын болады. Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің аталған елді мекенге жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Өңір басшысы мердігерлермен кездесіп, қараша айының 15-не дейін барлық үйді тапсыруды міндеттеді.

Еске сала кетсек, осы күні табиғат апатының зардаптарын жою бағытында Оразақ ауылында екі пәтерлі 100 үйдің (200 отбасына арналған) құрылысы қызу жүргізілуде. Жақында осында екі пәтерлі 46 үй пайдалануға беріліп, 92 отбасы баспаналы болған еді. Оған қоса, 12 үйдің құрылысы аяқталып, тапсырылғалы тұр. Бұл жақында тағы қосымша 24 отбасы пәтерлі болады деген сөз. Дегенмен мердігерлерге қарашаның ортасына дейін аталған үйлердің құрылысын толық аяқтап, тапсыру міндеті жүктелген.

Сондай-ақ, мұнда тұрғын үйлермен қатар, қора-қопсы да салынуда. Қазіргі кезде, жоспарланған 132 қораның 56-сы тұрғызылған.

Осы орайда, облыс әкімі Целиноград ауданында да болып, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үйлер мен өзге де шаруашылық құрылыстарды салу жұмыстарын ширату жөнінде жауапты адамдарға нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар