Ораза кезінде жақын маңда тұратын туыстың үйіне ауызашарға баруға бола ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ораза кезінде жақын маңда тұратын туыстың үйіне ауызашарға баруға бола ма? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен биылғы Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясында осы сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жөнінде өткенде айтылған үндеуімізде кеңес берген болатынбыз. Баршамыз жақындарымызды, көршілерімізді үйге шақырғымыз келетінін түсінеміз, бірақ өзіміздің, ағайын туыстың, көршілеріміздің амандығы үшін мына төтенше жағдайда карантин талаптарын орындауға шақырамыз. Қазір сабыр етіп, оқшауланайық. Бәрі жақсы кезде бір-бірімізді қонаққа шақырамыз», - дейді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұған дейін Бас мүфти Мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін қаржыны аудару арқылы көмек көрсетуге болатыны туралы айтты.


Соңғы жаңалықтар