Ораза айының кестесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы muftyat.kz сайтында Ораза айының кестесін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш кестеге сәйкес, Оразаның алғашқы күні 2020 жылдың 24 сәуірі, жұмаға сәйкес келеді. Осы күні елорда тұрғындары жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:12-ге дейін сәресін ішіп бітуі керек. Ал Алматы қаласының тұрғындары ауыздарын 24 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:28-ке дейін ашады.

Қазақстанның өзге аймақтарында Оразамен байланысты атқарылатын рәсімдердің уақытын мына сілтемеден біле алады.


Соңғы жаңалықтар