+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Ораза айт намазы мешіт аулаларында оқылады

2021 жылғы 11 мамыр 17:06
Бөлісіңіз:
Ораза айт намазы мешіт аулаларында оқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің барлық өңіріндегі мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылады. Бұл жайында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатындығын (Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің қаулысы бойынша рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз. Ең бастысы мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырамыз: бетперде (маска) киіп келу; үйден дәрет алып келу; намаздан соң қол беріп амандаспау; намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту; жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу. Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал»,- делінген діни басқарма мәлімдемесінде.

ҚМДБ барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырады.

«Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет. Барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала жер бетіндегі күллі адамзатты түрлі апаттан сақтап, жұқпалы індеттен аман еткей! Әмин!»,- деп атап өтеді ҚМДБ-дан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT