Ораза айт мейрамында отыз балаға сыйлық жасалады (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Отыз күн оразада отыз баланың тілегі орындалмақ. Игі бастаманы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолға алып отыр.

«Діни басқарманың бастамасымен қасиетті Рамазан айында бізбен хабарласып, өз тілегін жеткізген балалардың арманын орындауды жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде жетім бала, мүгедек, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар, үздік оқушылар бар. Айта намазы оқылып біткен соң Бас мүфти отыз балаға отыз түрлі бағалы сыйлық табыстайды. Олардың ішінде планшет, ноутбук, телефон бар», -деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Отыз күн оразаға орай ұйымдастырылған игі шаралар тек мұнымен бітпейді. Баспасөз хатшысының айтуынша, биылғы ораза айт мейрамын «дін мен дәстүр» акциясы аясында өткізу жоспарланып отыр. «Биылғы айт мейрамы қазақтың салт-дәстүрімен байланыстырылып өткізілмек. Барлық мешіттердің алдына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі. Сондай-ақ, терме-жырлар айтылып, ас беріледі. Қазақ халқы наурызды қалай өткізеді, тура сол деңгейде өткізу жоспарланып отыр»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар