Ораза айт күні Ақтауда автобустар тегін жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктер Ораза айт күні жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат шаһар әкімдігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2 мамырда Ақтау қаласындағы №2, 3, 4, 4м, 5, 7, 8 бағыттарында қатынайтын қоғамдық көліктерде жолақы алынбайды. Бұл бағыттар шаһар аумағын қамтиды.

Жергілікті атқарушы орган облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін осындай жеңілдік жасамақ.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «бұл - тек қана Ораза айтта емес, әр мереке сайын ұйымдастырылатын үрдіс».

Еске сала кетейік, студенттерді мемлекеттік басқару ісіне араластыру мақсатында қала әкімдігінің аппараттық жиналысы жаңа форматта – университет қабырғасында өткізіле бастады.


Соңғы жаңалықтар