«Оралу» фильмі жастармен бірге үлкендерге де ой салды - Қ.Сүйіншәлиев, БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Оралу» фильмі Оралдағы «Синема» кинотеатрында да көрсетілді. Режиссер Рашид Сүлейменовтің туындысы жастармен бірге үлкендерге де ой салды.

Бұл туралы Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, ұстаз Қаламғали Сүйіншәлиев мәлім етті.

Фильм шетелге кетіп қалған қазақстандық ғалымның өмірін арқау еткен екен. Елге келіп, атамекенге аяқ басып, патриоттық рухы жоғары жерлестерімен танысқан кезде ол материалдық құндылықтардан гөрі Отанға, ұшқан ұяға, туған жерге деген махаббаттың жоғары тұратынын сезінеді.

«Әрине, әр адам өзінің түпқазығын, атажұртын ұмытпауы керек. Соңғы кезде шет елде білім алып, тіпті сонда еңбек етіп, қалып қойып жатқан жастарымыз да аз емес. Әркім ең алдымен өз елінде қызмет етіп, Отанына пайда келтіруі керек. Бәрінен отаншылдық қасиет жоғары тұруы тиіс. Әсіресе, жастар Қазақстанның одан әрі көркеюіне үлес қосып, керек кезінде оны қорғауға дайын тұруы қажет. Фильм осыған үндеуімен құнды дер едім», деді Қ.Сүйіншәлиев.

Соңғы жаңалықтар