+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

«Оралман» сөзін ауыстыру туралы бұйрық шықты

2020 жылғы 3 қыркүйек 17:39
Бөлісіңіз:
«Оралман» сөзін ауыстыру туралы бұйрық шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтың бұйрығына сәйкес «оралман» термині «қандас» болып өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қандастар Қазақстан экономикасына қандай пайда әкеледі – сарапшы пікірі Атамекеніне оралған қандастар Қазақстанның қай өңірлеріне қоныстанады Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға қанша қандасымыз көшіп келді

Бұйрық 2021 жылы қаңтар айында күшіне енеді.

Бұйрықта жазылғандай, тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД

бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім

қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас

тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен)

жүгіну керек.

Бұйрықтың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Оралман» сөзінен бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болатынын айтқан еді.

«Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», - деді Президент.

Сондай-ақ, Мәжіліс «қандас» атауын енгізетін заң жобасын мақұлдады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT