«Оралман» Азияның үздік фильмі атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Иран астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінде режиссер Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмі шетелдік фильмдер арасынан топ жарып, Бас жүлдені - «Азияның үздік фильмі» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақфильмнің» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

null
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген аталған фильм осы фестивальдің «Шығыс Панорамасы» секциясында 12 елден келіп түскен 15 толықметражды картинамен бақ сынаған.null

Еске сала кетейік, «Оралман» фильмі туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды.

Фильмге Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева сынды қазақстандық танымал актерлер түскен. null null null

Соңғы жаңалықтар