Оралдың «түнгі соты» 20 күннің ішінде 62 істі қарады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында 20 күннің ішінде 62 әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 38 іс жол-көлік оқиғалары бойынша қаралды.
Сондай-ақ 15-і отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласына, алтауы ұсақ бұзақылыққа қатысты. 2 іс ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын орындамау туралы, 1 іс көлік құралын басқару, тағы біреуі көлік құралын мас адамның басқаруына беру туралы.

Сот тек бір күннің ішінде сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін 12 іске нүкте қойды. Қалған күндері сотқа орта есеппен 3-6 істен түсті.

Сот әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде медиация рәсімін кеңінен қолданды. Мысалы, отбасылық кикілжіңге қатысты 9 іс татуласу туралы келісімге келумен аяқталды.

«Түнгі сот», әсіресе, жол ережесін бұзушылыққа байланысты жүгінген азаматтарға қолайлы болып отыр. Бұл қысқа мерзім ішінде істі тындырып, бүлінген автокөлік үшін сақтандыру төлемін алуға мүмкіндік береді.

Осыған дейін Батыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 80-ге жуық автокөліктің шығарылғандығын жаздық.

Соңғы жаңалықтар