Оралдың «Конденсат» волейбол клубы жаңа маусымға әзірленуде

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Волейболдан ұлттық лигада өнер көрсететін Оралдың «Конденсаты» жаңа маусымға әзірленуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрынғысынша Игорь Никольченко жаттықтыратын командада көп өзгеріс жоқ. Андрей Капщук кетіп, оның орнына Ресейден Андрей Филатов келді. Сондай-ақ «Жайық-Конденсат» командасынан Антон Кузнецов пен Петр Чурзин алынды.

Маусымға дайындық қарсаңында «Конденсат» екі бірдей турнирге қатысты. Беларустің Могилев қаласында Кеңес Одағының Батыры, барлаушы Л.Маневичті еске алуға арналған халықаралық турнирде эстониялық, украиндық клубтарды ұтып, алаң иелері «Металлург-Бела» командасынан ғана ұтылған «Конденсат» екінші орынды иеленді. Ал Владимир қаласында «Завод Автоприбор» ААҚ кубогі үшін дәстүрлі жарыста оралдықтар төртінші орыннан көрінді. Бұл турнирлерде Виталий Вориводин, Қайрат Байбеков, Мирлан Бадашев, Айрат Шигапов, Антон Кузнецов сынды ойыншылар ерекше көзге түсті.

«Конденсат» алдағы қазанда Алматы қаласында өтетін Қазақстан кубогінің ширек финалдық ойындарына қатысады. Финалға шықса, Хромтауда бәсекені жалғастырады. Қараша айында осы қалада ұлттық лига командалары арасында бірінші турдың ойындары басталады.

Жоғары лигада өнер көрсететін «Жайық-Конденсат» клубын Хромтаудан қайтып келген Александр Перегуда баптайды. Сондай-ақ Данияр Нұрмұхамбетов те «Жайық-Конденсатқа» оралды. Бұл команда маусым қарсаңында Пензада өткен халықаралық турнирде Саратов пен Набережные Челны командаларына жол беріп, үшінші орынды еншіледі.

Соңғы жаңалықтар