Оралдың «Грациясы» үшінші орынды иеленді

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Волейболдан қыздар командалары арасында Қазақстан кубогінің Астанада өткен іріктеу кезеңінде Оралдың «Грациясы» үшінші орынды иеленді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнда ел біріншілігі жоғары лигасының алты клубы кубоктың плей-офф бәсекесіне берілетін төрт жолдаманы сарапқа салған болатын. БҚО құрамасының аға бапкері Көлеңке Ғұбашев жаттықтыратын оралдықтар Теміртаудың «Спартагын» 3:2, Алматының ЦСКА-сы мен «Астана» командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Турнир қорытындысында «Металлург» (Теміртау) - бірінші, «Шығыс» (Өскемен) - екінші, «Грация» - үшінші, «Спартак» (Теміртау) төртінші орынды иеленіп, Алматы қаласында қазанның 19-28-інде өтетін ширек финал бәсекелеріне жолдама алды. Мұнда аталған төрт командадан басқа ұлттық лиганың төрт клубы сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар