Оралдың «Ақжайығында» бас бапкер ауысты

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығына» бас бапкер болып белгілі маман Вячеслав Ледовских тағайындалды.

«Ақжайық» спорт клубының директоры Ерген Орынбасаровтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Қазақстанның футбол командаларында ойнаған В.Ледовских еліміздің және Украина мен Ресейдің бірнеше клубтарын жаттықтырған. Мәскеуде жаттықтырушылардың жоғары мектебін бітірген ол Испанияның «Реал», «Хетафе» командаларында тәжірибеден өткен. Бұдан бұрын «Қазақмыс» (Сәтбаев қаласы) командасын Қазақстан чемпионатының премьер-лигасына шығарған бапкерге биыл да сондай міндет жүктеліп отыр. Негізінен жергілікті футболшылардан жасақталған «Ақжайыққа» В.Ледовскихтен басқа тәжірибелі ойыншылар, қақпашы Эдуард Столбовой мен қорғаушы Павел Пищулин алынды.

Бірінші айналымнан кейін «Ақжайық» әзірге екінші орында келеді. Екінші айналымның алғашқы ойындарын батысқазақстандықтар тамыздың 15-інде Семейде «Спартакпен», үш күннен кейін Алматы облысы Қарасай ауданының «Сұңқарымен» өткізеді.

Соңғы жаңалықтар