Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигаға шықты

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдың «Ақжайығы» биылғы маусымдағы ең басты ойынын премьер-лига жолдамасы үшін Алматы қаласында қарашаның 8-інде Көкшетаудың «Оқжетпесімен» өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші болып есепті көкшетаулықтар ашқанымен, көп ұзамай оралдықтардың ең тәжірибелі ойыншысы, отыз жеті жасар Артур Авакянц айып добын әдемі орындап, таразы басын теңестірді.

Екінші таймда «Оқжетпес» тағы да алға шықты. Ойын осылайша аяқталатындай көрінген. Оның үстіне «Ақжайықтың» бір ойыншысы алаңнан қуылған болатын. Бірақ оралдықтар жеңіске деген жігерлерін таныта білді. Алдымен көкшетаулықтар өз қақпасына гол соғып алды. Ал соңғы минутта тағы да А.Авакянц айып добын дәл түсіріп, өз командасын премьер-лигаға алып шықты.

Соңғы жаңалықтар