Оралдың «Ақжайығы» «Никельщикпен» екінші ойында да жеңіліп қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін «Ақжайық» бүгін Верхний Уфалейде «Никельщикпен» екінші матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан мәлім болғанындай, айдын иелерінің басымдылығымен өткен кездесу 5:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 13-минутында «Ақжайықтың» капитаны Максим Өтебалиев есеп ашқанымен, одан әрі қарай «Никельщик» хоккейшілері мергендік танытты. Михаил Андреев пен Дмитрий Харитонов өз есептеріне қос голдан жазса, тағы бір допты Роман Лопатков енгізді. Қонақтардан ресейлік легионер Сергей Пантеев бір голдың авторы атанды.

Осылайша жеңілістен көз ашпай келе жатқан оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі кездесулерін 7-8 желтоқсан күндері Свердлов облысының «СКСО СКА-Свердловск» командасымен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Никельщикпен» бірінші кездесуінде де ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар