Оралдықтар ел бірлігі доктринасын талқылады

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының актив жиналысында Ел бірлігі доктринасы талқыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда қала әкімі Самиғолла Оразов баяндама жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ел бірлігі доктринасына айрықша маңыз беріп отырғанын атап көрсетті. Жиында сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Людмила Тенишева, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірхан Қарасаев, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Миргүл Қалабаева, БҚО халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев ел өмірінде маңызы зор құжатты қолдайтындықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар