+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Оралдық тұрғынды өлтірген күзет қызметкерлері ұзақ мерзімге сотталды

2021 жылғы 28 қазан 23:50
Бөлісіңіз:
Оралдық тұрғынды өлтірген күзет қызметкерлері ұзақ мерзімге сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оралдық тұрғынды өлтірген А.Әділов, А.Қафизов және Ә.Қонысқалиға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында зауыттан натрий триполефосфатының 484 қабы ұрланған Қызылордадағы үш демалыс орнында келушілерге жезөкшелер қызметін ұсынған Күйеуін пышақтап тастаған: ШҚО-да 25 жастағы әйел ұсталды

Аталмыш соттың баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, А.Әділов пен А.Қафизов ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру) және 252-бабы 2-бөлігіне (уәкілеттілігін асыра пайдалану) сәйкес айыпты деп танылды.

А.Әділов 17, А.Қафизов 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Ә.Қонысқалиға уәкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Сот талқысында анықталғанындай, 2019 жылғы желтоқсан айының 24-інен 25-іне қараған түні күзет агенттігінің қызметкерлері Әділов, Қафизов және Қонысқали жұмыста арақ ішкен.

Сағат 03.30 шамасында олар шақырту бойынша уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына келіп, сонда медициналық куәландырудан өткізуге жеткізілген жәбірленуші Қ.Ахметовті көрген.

А.Қафизов баспалдақтың темір жақтауынан ұстап, ғимараттан шығудан бас тартқан Қ.Ахметовтің қолынан тартқан. Сол кезде Ә.Қонысқали мен А.Қафизов жәбірленушінің бетіне соққылар жұмсаған. Содан кейін Қ.Ахметовтің мойнынан қысып ұстап, мекеме аумағынан күштеп шығарып, А.Қафизов тағы да ұрып-соққан. Көше бойымен қашқан жәбірленушіні А.Қафизов пен А.Әділов қуып жетіп, аяғынан шалып құлатқан. Екеуі бас тұсынан бірнеше рет ұрған. Көйлегі мен майкасы жыртылып, таяқ жеген Қ.Ахметов бас сауғалап, жанар-жағар май құю бекетіне қашып барып, көмек сұраған, алайда ешкім есік ашпаған. Содан бекеттің артына қарай жүгіріп, профлистен жасалған қоршаудан секіріп өткісі келген. Екі қолымен, киімсіз өткір қоршауға ілініп тұрған жәбірленушінің аяғынан А.Әділов, белінен А.Қафизов ұстап, күшпен тартқан. Денесі профлисқа кесіліп, қан шапқылап, шыңғырып айқайлағанына қарамастан, жәбірленушіні жерге құлатып, ұрып-соғуларын жалғастырған. Марқұм есін жимастан, ауыр дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырған.

Сотталушылардың кінәлары куәлардың жауаптарымен, оқиға орнын тексергендегі хаттамалармен, сот-медициналық, биологиялық, медициналық-криминалистикалық сараптама қорытындыларымен, бейнекамера жазбаларымен толық дәлелденді.

Олардың қылмысты мас күйінде жасауы ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын оралдық әйелдің 6-қабаттан секірмек болғанын жазған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT