Оралдық тұрғын 2 келі марихуананы пәтерінде сақтаған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдық 41 жасар тұрғын 2 келі марихуананы пәтерінде сақтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған күдікті «Көкнәр-2019» жедел алдын алу шарасы барысында қолға түскен.

Тұрғынның пәтерінен арнайы пакеттерге салынған 1 кг 951 грамм марихуана табылған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес (есірткі заттарын заңсыз сақтау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, «Көкнәр-2019» шарасы елімізде 1 маусымда басталды. Содан бергі бір ай ішінде өңірде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 23 қылмыстық және 15 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Соңғы жаңалықтар