Оралдық төрт жас гимнасшы республика чемпионатына қатысады

None
None
ОРАЛ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттық гимнастикадан БҚО кубогі сарапқа салынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда жасөспірім гимнасшылар дәрежелеріне қарай сынға түсті. Жарыс қорытындысында Дариға Қазтуғанова, Нұрай Қиматова, Айгүл Жүсіпова, Даша Потап жеңімпаз атанды. Спорт шеберлігіне үміткерлер арасында Карина Қадырғұлова, спорт шеберлерінен Диана Қасымова озып шықты. Олардың бәрі де - аталмыш спорт мектебінің тәрбиеленушілері.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының грамота, сыйлықтарымен марапатталды.

Жарыстың бас төрешісі Ирина Крепицаның айтуынша, Диана Қасымова, Карина Қадырғұлова, Виктория Симонова және Айнұр Жүсіпова қарашаның 15-20-да  Алматыда өтетін «Олимпиада үміттері» атты республика чемпионатына қатысады.

Соңғы жаңалықтар