Оралдық құтқарушылар он жастағы баланы суға кетуден аман алып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдық құтқарушылар он жастағы баланы суға кетуден аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Аягөз Қожанбаеваның айтуынша, оқиға 17 шілде күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды.

Саябақтағы құтқару бекетінде кезекшілікте жүрген бас құтқарушы Алексей Алексеев пен Есболат Қоныспаев жаттығу кезінде байдаркадан аударылып қалған он жасар баланы құтқарды. Баланың қайыққа қайта міне алмай жатқанын көрген құтқарушылар тез жетіп, оны шығарып алды.

Құтқарушылар шошып қалған баланы жаға жеткізіп, қайықпен жүзген кезде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін айтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда суға батып бара жатқан ер адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар