Оралдық кәсіпкерді өлтіргендерге шыққан үкім апелляциядан кейін өзгеріссіз қалды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында сотталушы Тұрлан Амангелдінің шағымы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғандай, оралдық кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірген Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталған болатын.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, апелляциялық сатыдағы сот шағымды қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырды. Тек жазаларын қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге өзгертілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кәсіпкерді өлтірген тұрғындардың 15 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда кәсіпкерді өлтірген сотталушының бірі апелляциялық шағым түсірді.


Соңғы жаңалықтар