+7 (701) 759 90 19
USD 430.99 EUR 515.29
RUB 5.69 CNY 65.99
Jańalyqtar

Оралдық дәрігерлерге мемлекеттік наградалар табыс етілді

2020 жылғы 6 шілде 21:37
Бөлісіңіз:
Оралдық дәрігерлерге мемлекеттік наградалар табыс етілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге мемлекеттік наградалар табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанат сарайында өткен шарада облыс әкімі Ғали Есқалиев адамдар өмірін құтқарудағы ақ желеңді абзал жандардың жанкешті еңбегін атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі шараға 15 дәрігер шақырылса, бірқатары өздері дертке шалдығып қалды. Кейбіреуі жұмыста болып, келе алмады.

«Бүгінгі марапат – бірнеше ай бойы коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан барлық медицина қызметкерлеріне көрсетілген шынайы құрмет. Өзгелердің денсаулығын сақтау үшін үй көрмей, уақытпен санаспастан, Гиппократ антына адал болып, еңбек етіп келесіздер. Ауырып қалған әріптестеріңіз тезірек жазылып, қатарға қосылсын. Облыста дәрігер жетіспеушілігі сезілуде. Жуырда арнайы оқу орнын бітірген мамандар келеді. Медициналық құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі де шешіледі. Бәріңізге амандық-саулық тілеймін», - деді өңір басшысы.


Марапатталғандар арасында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімше меңгерушісі Бибігүл Айтбаева «Парасат», облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігері Марат Балшамбаев «Құрмет» орденіне ие болды. Сондай-ақ облыстық жұқпалы аурулар ауруханасыынң реаниматологы Салауат Ақдауов, облыстық кардиологиялық орталығының дәрігері Данияр Аренов, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының аға медбикесі Әлия Маужанова «Ерен еңбегі үшін», облыстық көпбейінді ауруханасының медбикесі Әсима Ғайсина «Шапағат» медалімен, облыстық кардиологиялық орталықтың медбикесі Венера Мырзағалиева ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 5 шілдеден бастап қандай шектеу шаралары енгізілетінін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT