2009 жылғы 8 қазан 12:37

Оралдық балуан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

ОРАЛ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық балуан Ерболат Байбатыров Санкт-Петерборда өткен Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, генерал Асламбек Аслахановтың жүлдесі үшін самбодан халықаралық жарыста жеңімпаз атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Он бес мемлекеттің балуандары қатысқан байрақты бәсекеде Ерболат 57 келі салмақта қарсыластарының бәрін ұтып, алтын медальды жеңіп алды. Сөйтіп ол жеңіс тұғырына көтерілген жалғыз шетелдік спортшы атанды. Қалған салмақтарда ресейліктер ешкімге дес берген жоқ.

Жиырма үш жастағы Е.Байбатыров - самбодан ересектер арасында әлем чемпионы. Биыл Грекияда өтетін әлем біріншілігінде тағы да бақ сынамақшы.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT