Оралдағы Зачаган кенті сусыз қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда кәріз коллекторындағы апат салдарынан Зачаган кенті сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат 18.30 шамасында Зачаган кентіндегі Әзербайжан көшесінде кәріз коллекторы жарылды.

Орал қаласы әкімдігі мәлім еткеніндей, Саратов тас жолы бойындағы кәріз коллекторында да апатты жағдай орын алды. Осыған байланысты Зачаган кентінде бүгін жергілікті сағат 11.00-ден бастап су беру уақытша тоқтатылды. Тұрғындарға суды тасымалдап беру ұйымдастырылуда.

Қазіргі кезде кәріз коллекторында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Зачаган кенті әкімінің орынбасары Нұрболат Мұхитовтың айтуынша, кент аумағында 57500 адам тұрады.

«Кент аумағындағы №6 емханаға, мектептер мен балабақшаларға, басқа да әлеуметтік мекемелерге су жинап алу жөнінде алдын ала ескертілді», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Мұхитов.


Соңғы жаңалықтар