+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде күн стансасы іске қосылды

2019 жылғы 16 қазан 15:18
Бөлісіңіз:
Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде күн стансасы іске қосылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде күн стансасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Электр энергиясына сараланған тариф енгізіле ме – бірінші вице-премьер жауабы АИИБ мен ҚР Энергетика министрлігі меморандумға қол қойды Келесі жылы елорда аудандары газбен қамтылады

Мектеп аумағында «Шелл» компаниясы қуаты 100 Квт/сағат фотоэлектрлік күн панельдерімен жабдықталған арнайы тұрақтар орнатты.

Фотоэлектрлік станса күн сәулесін фотоэлектрлік модульдер арқылы түрлендіру жолымен электр қуатын өндіреді. Бұлар мектептің жылдық энергия тұтынуының 20 пайызын үнемдейді, сонымен қатар артық өндірілген қуатты қалалық желіге жібере алады.

Салтанатты жиынға «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.


«Елбасының тікелей тапсырмасымен Назарбаев мектептерінің ашылғанына 10 жыл болды. Осы мерзім ішінде елімізде 10 мыңнан астам түлек мектептерді тәмамдаса, соның 80 пайызы қазақстандық техникалық және медициналық университеттерде білім алып, бітіргендері еңбекке араласып үлгерді. 300-ден астам жастың алды Гарвард сынды әлемнің жетекші ЖОО-ларында білімдерін жетілдіруде. «Шелл» компаниясымен бірлесіп қолға алған «Мектептерге күн энергиясы» ең алдымен STEM-білім беруді енгізу, балалардың осы бастан ғылыммен айналысып, өз идеяларын жүзеге асыруы үшін керек», деді өз сөзінде К.Шәмшидинова.

Мектептегі физика пәнінің мұғалімі Өмірғали Бекешев жобаның оқушылардың жасыл экономика, экология саласындағы шығармашылық идеяларына қозғау салатынын жеткізді.

«Оқушыларымыздың бұл бағыт бойынша жетістіктері де жоқ емес. Жуырда автобус аялдамаларында энергияны үздіксіз пайдалану жүйесін жасақтаған мектеп түлегі, Назарбаев университетінің 1-курс студенті Әзиз Талапов патент алды», деді Ө.Бекешев.

Айта кетейік, жоба Энергетика министрлігі, «Шелл» компаниясы және «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ арасындағы меморандум аясында екінші жыл жүзеге асуда. «Шелл» компаниясынан күн энергиясын Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларындағы зияткерлік мектептер алған болатын. Ал 2020 жылы осындай станса Алматы және Атырау қалаларында пайда болмақшы.


Салтанатты шарадан кейін жас зияткерлер жасыл энергетика, жасанды интеллект, биотехнология салалары бойынша идеяларымен таныстырды. Сонымен қатар бұл күні алманың коллекциялық және интенсивті сорттары өсетін экобақтың негізі қаланды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT