Оралдағы қарттар үйінің бір тұрғыны екіншісін пышақтап өлтірді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттар мен мүгедектер үйінде) ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін түс мезгілінде орын алды.

Жедел жәрдемге шақырту сағат 13.42-де түсіп, бригада 13.47-де жеткен.

Кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған 1957 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, нақты мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.

Сонда тұратын ер адам екіншісін пышақтап тастаған.   

Қазіргі кезде оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасауда. Полиция қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, 1947 жылғы Қанат Қожбанов пен 1957 жылғы Жомарт Өтеғалиев бір бөлмеде тұрған. Бір-бірімен сөзге келіп, Қанат екіншісін ішінен пышақтап тастаған.

Соңғы жаңалықтар