Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Оралдағы қарттар үйінде бөлмелесін өлтірген тұрғын он жылға сотталды

2018 жылғы 19 қазан 16:21 180
Бөлісіңіз:
Оралдағы қарттар үйінде бөлмелесін өлтірген тұрғын он жылға сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралдағы қарттар үйінде бөлмелесін өлтірген тұрғын он жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар қалалық сотында «Отбасы соты» бөлмесі ашылды Атырауда қайын енесін WhatsApp арқылы балағаттаған азамат сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 19 қазандағы үкімімен Хамит Қожбанов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, Х.Қожбанов 31 шілде күні сағат шамамен 11.30-да «Орал арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінің №413 бөлмесінде өзімен бірге тұратын Ж.Өтеғалиевпен арақ ішкен.

Шамамен сағат 13.30-да екеуі сөзге келіп, соның салдарынан Ж.Өтеғалиев үстелден асүй пышағын алып, Х.Қожбановқа сілтеп, қолын жарақаттаған. Х.Қожбанов оның қолынан пышақты тартып алып, лақтырып тастап, мекеме қызметкерлерін шақырудың орнына өлтіру мақсатымен Ж.Өтеғалиевтің жүрек тұсына сұққан. Соның салдарынан марқұм оқиға орнында көз жұмды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралдағы қарттар үйінің бір тұрғыны екіншісін пышақтап өлтіргенін жазған болатынбыз.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT