Оралдағы инвестфорумда ҚР мен РФ шекара өңірлерінің көрмесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда 27-28 қыркүйек аралығында WestKazInvest-2017 IV Халықаралық инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлады форумның баспасөз қызметі.

«Форумның басты мақсаты бизнесмендер мен іс-шара қонақтарын Батыс Қазақстан облысының нақты инвестициялық жобаларымен және инвестициялық әлеуетімен, экономикалық жетістіктерімен таныстыру болып табылады. Аталмыш алаң Батыс Қазақстан облысының компанияларымен мен шетелдік компаниялар арасындағы өзара тиімді серіктестікті құру үшін ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

 «WestKazInvest-2017» форумның қатысушыларына бірлескен кәсіпорындар құру және өз мүмкіндіктерін ұсыну үшін жергілікті компанияларды табуға және таныстыруға мүмкіндік береді. Форум аясында «Қазақстан-Ресей. Өңірлердің шекаралық ынтымақтастығы» көрмесі өтеді. Оның үш панельдік сессиясының маңызды тақырыптары мынадай: «Мұнай-газ секторы - өнеркәсіпті дамыту драйвері», «Агроөнеркәсіптік кешен: даму. Қайта өңдеу. Экспорттау» және «Халықаралық қаржы ұйымдары мен бизнесті дамыту институттарына қолдау көрсету құралдары».

Сондай-ақ, форумның алаңында Батыс Қазақстан және Орынбор облыстарының іскер әйелдерінің кездесуі және Орал қаласындағы сауда желілерінің өкілдерімен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және өңдеушілердің іскерлік кездесуі өтеді.

Форум алаңдарында денсаулық сақтау мәселелері, интеграцияланған менеджмент жүйесі және оларды Бірыңғай Еуразиялық экономикалық аймақта қолдану бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. 

Соңғы жаңалықтар