Оралда зорлықпен өлтірілген 81 жастағы қарияның мүрдесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда саяжайдан 81 жастағы қарияның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 4 қыркүйек күні «Автодорожник-1» саяжай қоғамында орын алды.

Саяжайдан 81 жастағы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні анықтап, ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 9 жасар баланың іздестіріліп жатқанын, кейін денесі табылғанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар