Оралда жылу-қуат орталығы қарызға байланысты газсыз қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жылу-қуат орталығы қарызға байланысты газсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайықжылуқуат» АҚ-дан түскен мәліметке қарағанда, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға бережағы үшін жылу-қуат орталығы кеше газдан ажыратылды. Осыған байланысты тұтынушыларға ыстық су беру де тоқтатылды.

«Жайықжылуқуат» АҚ-ға тұрғындардың берешегі 734,6 млн теңгеге жеткен. Ал «Жайықжылуқуат» АҚ-ның «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға қарызы 900 миллиондай теңгені құрап отыр.

Мекеме бұл тұйықтан шығу жолдарын қарастыруда. Сонымен қатар тұрғындардан қарызды өндіру жұмыстары да жүргізілуде.

«Жайықжылуқуат» АҚ кестеге сәйкес қарызды төлеуі тиіс. Осы мамыр айының аяғына дейін төлесе, газ қайта қосылады», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне бұл жөнінде БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қала орталығында қос бірдей жылу магистралінің қайта салынуына байланысты 226 үй, 29 әлеуметтік нысанға 16 сәуірден бастап 15 қыркүйекке дейін ыстық су беру тоқтатылған еді. «Жайықжылуқуат» АҚ барлығы 1182 тұрғын үйді жылумен, соның ішінде 826-сын ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Орал жылу-қуат орталығын газдан ажырату өткен жылы жазда да бірнеше рет орын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар