12:44, 08 Қазан 2009 | GMT +6
Оралда «Жыл мұғалімі-2009» байқауы мәреге жетті
ОРАЛ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда «Жыл мұғалімі-2009» байқауы мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онда қала мен облыс аудандарынан келген он үш үміткер сынға түсті. Байқауға қатысқан ұстаздардың үшеуі - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Үш кезеңнен тұратын сайыс қорытындысында Орал қаласындағы №36 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зәмзагүл Тәжіғалиева бас жүлдені жеңіп алды. Қалған орындарды иеленген ұстаздарға да дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.