+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Оралда Жұбан ақынның 100 жылдығына арналған байқау мәреге жетті

2020 жылғы 16 қыркүйек 14:58
Бөлісіңіз:
Оралда Жұбан ақынның 100 жылдығына арналған байқау мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Қазақстанның халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған «Қиял қанаты» республикалық дуэт (поэзия мен сурет) онлайн байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Біз қай уақытта да біргеміз – оралдық волонтер БҚО театрында Жұбанның 100 жылдығына орай жаңа премьера қойылады Табысын қыштан қалаған қаржы маманы: Бір ғана ыдыс мені бірегей жолға жетеледі

Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатовтың айтуынша, мұндай сипаттағы бәйге елімізде алғаш рет ұйымдастырылды.

«Байқаудың ерекшелігі, ақын мен суретші жұп құрып, өлеңі мен суретін бірге бәйгеге қосуы керек болды. Яғни жыр мен бояу көркемдігі өз алдына, бір-бірімен үндесіп тұруы қажет. Қазылар алқасы да шығармаларды авторларын білместен, бүркеншік есіммен талқыға салып, қорытындысын шығарды. Мұндай сайысты болашақта да жалғастыру ойластырылуда», деді М.Жұбатов.

Сайысқа еліміз өңірлерінен барлығы 17 дуэт қатысып, Жұбан ақынға арналған өз жұмыстарын бәйгеге қосты.


Қазылар алқасының шешімімен павлодарлықтар, ақын Алпысбай Хонж бен суретші Жеңіс Молдабеков бас жүлдені жеңіп алды.



БҚО-ның Ақжайық ауданынан ат қосқан ақын Сағынтай Бисенғалиев пен суретші Данияр Ізбасаров бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ батысқазақстандықтар, ақын Сыйлыхан Жұмасалық пен суретші Нұртай Жәрдемов екінші жүлдені еншіледі. Қарағандылықтар, ақын Жанат Тілегенов пен суретші Ерсін Темірғалиев үшінші орынға ілікті.


Батысқазақстандықтар, ақын Мәрлен Ғилымхан мен суретші Арман Имашев дипломант атанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT