Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Желаев-Орал өткелінің 126-шақырымында болды. Ер адам оқиға орнында сол бойда көз жұмды.

«28 мамыр күні аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемге шақыртудың сағат 09.50-де түскенін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау облысында жолаушылар пойызының мотоцикл мінген ер адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар