Оралда жолаушылар автобусы үш бағананы құлатты (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда жолаушылар автобусы электр беру желісінің үш бағанасын құлатты. Оқыс оқиға 8 қараша күні сағат 21.30-да Селекционный кентінде орын алды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

Автобус үлкен жылдамдықпен келе жатқан. Видеорегистратор иесінің айтуынша, «оның жылдамдығы шамамен сағатына 90 шақырым болды. Шамасы, жүргізуші жолаушылар көлігін жөндеп басқара алмаған, өйткені автобус жолдың екі жағына кезек ауытқып келе жатқан. Құрылыс монтаж бұйымдарын жасау з ауытының (СМО) қасында ол жылдамдығын азайтпай, кілт бұрылды».

Бұдан басқа, жасыл түске өткен автобус жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетті. Жолды сырғыған күйі бағанаға соғылып, өзімен бірге тағы екеуін құлатты. Біреулері автобуста 43 бағдардың тақтайшасы бар екендігін айтса, тағы басқалары № 12 бағдарды көргеніне сендіруде. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобустың ішінде өзін жүргізушінің досымын деп таныстырған бір-ақ жолаушы болды.

Куәгерлердің айтуынша, автобустан жүргізушіні жолшыбай кетіп бара жатқан адамдар сыртқа шығарған. Оны жедел жәрдем қызметінің көлігі алып кетті.

Оқиға орнына аталған электр беру желілеріне жауапты «Жайық жарығы» кәсіпорнының бригадасы келіп жетті. Сағат 23.05-те төтенше жағдай орын алған аумақта жарық сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар